«Барселонаға» Дани Ольмо мен Пау Викторды тіркеуге рұқсат берілмеді
Испания Корольдік футбол федерациясы мен Ла Лига бірлескен мәлімдеме жасап, «Барселонаның» жартылай қорғаушы Дани Ольмо мен шабуылшы Пау Викторды тіркеу туралы өтінішін қабылдамағанын хабарлады.
Mundo Deportivo мәліметінше, бұл шешімге қарамастан, «Барселона» соңына дейін күресуді жоспарлап отыр. Енді каталондық клуб сотқа жүгінбек.
Дани Ольмо мен Пау Виктор тіркелмегендіктен «Барселона» сапында барлық турнирлерде, тіпті халықаралық жарыстарда да ойнай алмайды.
Дереккөз: qsport.tv
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или