АҚШ президенті Лионель Мессиді марапаттайды
АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден 4 қаңтарда Ақ үйде Президенттің Бостандық медалінің иегерлерін марапаттау рәсімін өткізеді. Олардың қатарында «Интер Майами» және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси де бар, деп хабарлайды Prosports.kz Championat порталына сілтеме жасап.
Бұл медаль – АҚШ-тағы ең жоғарғы азаматтық награда. Ол «АҚШ-тың өркендеуіне, әлемдегі бейбітшілікке немесе басқа да маңызды қоғамдық, мемлекеттік немесе жеке бастамаларға ерекше үлес қосқан» адамдарға беріледі.
Ағымдағы маусымда Месси клубы үшін барлық турнирлерде 22 ойын өткізіп, 21 гол соғып, 18 нәтижелі пас берген. Футболшының қазіргі клубпен еңбек келісімі 2025 жылдың қысына дейін жасалған. Transfermarkt интернет-порталының мәліметі бойынша, 37 жастағы футболшының нарықтық құны €20 млн деп бағаланып отыр.