Қазақстандық спортшы семсерлесуден әлем кубогі кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Рапирамен семсерлесуден Қазақстан жаөспірімдер құрамасының мүшесі София Актаева Фуджейрадағы (БАӘ) әлем кубогі кезеңінде алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
София Актаева финалда Қытай спортшысы Яжихэ Тэмен кездесті. Бұл бәсекеде Актаева 15:13 есебімен жеңіске жетті.
Cемсерлесу федерациясының мәліметінше, София 1/16 және 1/8 финалда да қытайлық спортшылармен шеберлік байқасып, екеуінде де 15:6 есебімен басым түскен. Ал ширек финалда Макао өкілін 15:13 есебімен, жартылай финалда мажарстандық спортшыны да дәл сондай есеппен жеңген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или