Боксшы нокауттан кейін қайтыс болды. Ол жекпе-жек кезінде тілін жұтып қойған
Дүниежүзілік бокс кеңесінің баспасөз қызметі 29 жастағы Танзания боксшысы Хассан Мгаи қайтыс болғаны туралы жаңалық жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталған мәліметтерге сәйкес, Танзания спортшысы ауруханаға түсіп, 27 желтоқсанда алған нокауттан кейін қайтыс болған.
Жеңіл салмақтағы бәсекеде отандасы Пол Элиасқа қарсы шыққан Хассан бесінші раундта бірнеше соққыдан кейін құлап, тілін тістеп алып, кейін оны жұтып қойған.
Бірнеше күн бойы жағдайы жақсарып, дәрігерлер оң динамиканы байқаса да, 30 желтоқсанда жағдайы қайтадан нашарлап, қайтыс болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или