Қазақстан құрамасының қорғаушысы өзіне жаңа клуб тапты
«Елімай» мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Михаил Габышев қарағандылық «Шахтерге» ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Өскемендік футболдың түлегі, 35 жастағы Михаил Габышев көп жылдар бойы өнер көрсеткен командасына оралуға шешім қабылдады.
Өткен маусымда Габышев «Елімай» сапында 12 матч өткізді.
Ол былтыр маусымда Қазақстан құрамасы сапында Армения және Әзербайжанға қарсы екі ойынға қатысты. Ұлттық құрамада барлығы 12 матч өткізіп, бір гол соқты.
Михаил Габышев мансабының тоғыз жылын «Шахтерде» өткізді – 2012 жылдан 2018 жылға дейін және 2021-2022 жылдары. «Кеншілер» сапында Қазақстан чемпионы, ел Кубогы мен Суперкубогының иегері атанды.
Бұған дейін «Шахтерге» тағы бір ардагер – қақпашы Игорь Шацкий оралған болатын.