20 жастағы өзбек футболшысы «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін
Футболдан Өзбекстан құрамасының және франциялық «Ланс» клубының орталық қорғаушысы Абдукодир Хусанов спорттық мансабын Англия премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
«Манчестер Сити» футбол клубы өзбекстандық қорғаушыға қызығушылық танытып отыр. Танымал инсайдер Фабрицио Романоның жазуынша, өзбек футболшысының трансфері осы қыста жүзеге асуы мүмкін. Қорғаушының трансферлік құны 12 миллион еуроға бағаланған.
«Манчестер Сити» қаңтар айында «Ланс» қорғаушысы Абдукодир Хусановты өз тізіміне қосты. 20 жастағы орталық қорғаушыны бірнеше ірі клубтар назарда ұстап отыр, себебі ол өз позициясында ең талантты ойыншылардың бірі саналады. Қазіргі уақытта бұл трансфер бойынша бәсеке ашық, ал «Манчестер Сити» өзбекстандық футболшыны қатарына қосып алуы бек мүмкін, – деп жазды Фабрицио Романо.
Маусымның жартысын артқа тастаған «Манчестер Сити» Англия премьер-лигасының турнирлік кестесінде 6-орында тұр. Алайда команда УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтіп, жалпы топтық кезеңнен 22-орынмен шықты. Ал «Ланс» Франция чемпионатында 7-орында келеді және еурокубоктарға қатыса алмады.
Айта кетейік, Абдукодир Хусанов Өзбекстан құрамасы сапында 18 матч өткізген. «Бунедкор» клубының түлегі бұған дейін Беларусьтің «Энергетик-БГУ» командасында ойнаған. 2023 жылдың жазында ол 100 мың еуроға «Лансқа» ауысқан.