Сәбит Жүсіпов жеті дүркін чемпионға қарсы шықпайтын болды
Қазақстандық файтердің Америкадағы джиу-джитсудан жеті дүркін әлем чемпионымен жекпе жегі өтпейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ сайтына сілтеме жасап.
Сәбит Жүсіпов (16-3) 10 қаңтар күні LFA 199 кешінің басты жекпе жегінде бразилиялық Ари Фариасамен (14-4) кездесуі керек еді. Бірақ Фариастың қарсыласы өзгеріп, енді ол өзінің отандасы Эрик Вискондимен (14-3) күш байқасады.
29-жасар Жүсіпов қатарынан жеті рет жеңіске жетті. 2022 жылдың қазан айында ол ең жеңіл салмақта Fight Nights Global чемпионы атанды. 2023 жылдың қарашасында титулын қорғап шықты.
Жүсіповтың әлеуметтік желідегі парақшасына қарағанда қазіргі уақытта ол Америкада, алайда жекпе жекке қатыспауының себебі әзірше белгісіз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или