WTA Елена Рыбакинаның бұрынғы бапкері Стефано Вуковқа қатысты мәлімдеме жасады

WTA Елена Рыбакинаның бұрынғы бапкері Стефано Вуковқа қатысты мәлімдеме жасады

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакинаның бұрынғы бапкері хорватиялық Стефано Вуковқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz 

Аталмыш ұйым бұл маманның жұмыстан шеттетілгенін растады.

«WTA Стефано Вуковтың жарысқа қатысудан шеттетілгенін растайды. Ол қазіргі уақытта WTA әдеп Кодексінің бұзылуы бойынша тергеудің аяқталғанын күтеді. Сондықтан Вуков мырза WTA куәлігін ала алмайды.

WTA әдетте бұндай хабарламалар жасамайды, бәріқ соңғы кезде шындыққа жанаспайтын ақпараттың көптігіне орай біз өз позициямызды білдіруді жөн санадық. Қазіргі уақытта қосымша ақпарат бермейміз», — делінген WTA өкілінің мәлімдемесінде.

Дереккөз: Sport+ Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или