Жасөспірімдер арасындағы Азия Ойындарының бағдарламасына бокс енгізілмеген
Азия олимпиадалық комитеті 2025 жылы Бахрейнде өтетін жасөспірімдер арасындағы ІІІ Азия Ойындарының бағдарламасына қандай спорт түрлері енгенін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ сайтына сілтеме жасап.
22-31 қазан аралығындағы кешенді жарыста 21 спорт түрі бойынша жүлделер сарапқа салынады:
1. Жеңіл атлетика
2. Бадминтон
3. Баскетбол (3x3)
4. Ат спорты
5. E-спорт
6. Футзал
7. Гольф
8. Гандбол
9. Дзюдо
10. Джиужитсу
11. Аралас жекпе жек
12. Велоспорт
13. Жүзу
14. Үстел теннисі
15. Tаеквондо
16. Tриатлон
17. Күрес
18. Ауыр атлетика
19. Кабадди
20. Волейбол
21. Текбол
Естеріңізге сала кетсек, бастапқыда Азия Ойындары Ташкенде (Өзбекстан) өтуі тиіс еді, алайда 2024 жылдың желтоқсан айында өткізілу орны Бахрейнге ауыстырылды. Алғаш рет жасөспірімдер арасындағы Азиада 2009 жылы Сингапурда, 2013 жылы Қытайда ұйымдастырылған.