«Интер» — «Аталанта». Италия Суперкубогының финалына қай команда шығады?
2 қаңтардан 3 қаңтарға қараған түні футболдан Италия суперкубогының жартылай финалы аясында «Интер» мен «Аталанта» кездеседі. Матч Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) «Кингд Аренада» өтеді. Ойын Астана уақытымен 00:00-де басталады.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
«Интер» былтырғы маусымда еш қиындықсыз А сериясының чемпионы атанды - қарсыластарынан 20 ұпайға жуық озып кетті. Ал биылғы маусымды сәл сәтсіз бастағандай көрінген, бірер матчта тең ойнап, дербиде «Миланға» есе жіберді. Бірақ бұл үлкен проблема туындатқан жоқ, Симоне Индзаги шәкірттері тез көш түзеп алды. Қазір Италия чемпионатында 17 тудан кейін 40 ұпай жинап, турнирлік кестеде үшінші орында тұр. Бірақ алда тұрған «Наполи» мен «Аталантадан» (41 ұпай) 1 матч кем өткізген.
Айта кетейік, миландық команда қазір нағыз бабында деуге болады. «Интер» кейінгі 8 кездесуде 7 рет жеңіске жетті және кейінгі 4 матчта қақпасына бірде-бір гол өткізген жоқ. Оның үстіне кейінгі 6 өзара кездесуде «Аталантаны» жеңіп жүр.
«Аталанта» былтыр А сериясында 4-орын алып, Италия кубогының финалына шықты, Еуропа лигасын жеңіп алды. Команда биылғы маусымда да жақсы өнер көрсетіп жүр. Қазір чемпионатта көш бастап тұр. Джан Пьеро Гасперини шәкірттері Италия чемпионатында 24 қыркүйектен бері жеңілген жоқ. Сондай-ақ, кейінгі 4 матчтың үшеуінде жеңіске жетті. Бірақ «Интерге» қарсы жеке кездесулерде жиі сәтсіздікке ұшырайды. Бүгін сол сәтсіз серияға нүке қоя ала ма?
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы ойынға мынадай коэффициенттер ұсынады: «Интердің» жеңісі – 2.00, «Аталантаның» жеңісі – 3.96. Ал кездесу тең нәтижемен аяқталады дегенге – 3.66 коэффициент беріп отыр.
Сондай-ақ, финалға «Интер» өтеді деген бәске – 1.58, ал «Аталанта» финалға шығады дегенге – 2.54 коэффициент ұсынады.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.