Бұрынғы UFC чемпионы Генри Сехудо жекпе-жек өткізеді
Екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы UFC чемпионы, америкалық файтер Генри Сехудо келесі жекпе-жегін ақпан немесе наурыз айларында өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы оның менеджері және Dominance MMA басшысы Али Абдель-Азиз мәлімдеді.
Абдель-Азиздің айтуынша, Сехудоның қарсыласы жеңіл салмақтағы үздік файтерлердің бірі болады.
Сехудо қазір екі жекпе-жекте жеңіліс сериясын жалғастыруда. 2024 жылы ақпанда UFC 298 турнирінде ол Мераб Двалишвилиден төрешілер шешімімен ұтылды, ал 2023 жылы мамырда UFC 288 турнирінде Алджамейн Стерлингтенде төрешілер шешімімен жеңілді. Сехудода 16 жеңіс және төрт жеңіліс бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или