Анна Данилина Брисбен жарысының жартылай финалынан шет қалды
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Анна Данилина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz
Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина - ресейлік Ирина Хромачева ширек финалда жапониялықтар Сюко Аояма - Эри Ходзумимен шеберлік байқасты.
Фаворит саналғанына қарамастан, қазақстандық-ресейлік жұп 0:6, 4:6 есебімен жеңіліс тапты.
Бір сағат 11 минутқа созылған бәсеке барысында А.Данилина - И.Хромачева 1 эйспен бірге 2 брейк-пойнтты пайдаланды. Жапониялық дуэт 9 брейк-пойнттың алтауын мүлт жіберген жоқ.
Сюко Аояма - Эри Ходзуми финалға шығу үшін ресейліктер Мирра Андреева - Диана Шнайдермен таласады.
Дереккөз: Kaz.inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или