«Барселона» өз жұлдыздарын тағы да тіркей алмады

«Барселона» өз жұлдыздарын тағы да тіркей алмады

Каталониялық «Барселона» Дани Ольмо мен Пау Викторды тіркеу үшін барын салып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Mundo Deportivo мәліметінше, «Барселона» жартылай қорғаушы мен шабуылшыны тіркей алатынына сенімді. 3 қаңтарда клуб қосымша құжаттар тапсырмақ.

31 желтоқсанда «Барселона» Ольмо мен Викторды тіркеу үшін Корольдік испан футбол федерациясына (RFEF) өтінім жіберген еді. RFEF де Ла Лига келісімінсіз тіркеген жоқ.

Енді «Барселона» 3 қаңтарға дейін бұл жағдайды ретке келтіруі керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или