Қазақстандық нокаутшы Иранның мықтысымен жұдырықтасады

Қазақстандық нокаутшы Иранның мықтысымен жұдырықтасады

Қазақстандық боксшы Нұрдос Төлебай (13-0, 10 КО) кәсіпқой рингтегі келесі жекпе-жегін 1 ақпанда Бангкокта (Таиланд) өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бокс кешінде ол Амирхоссейн Арзимен (2-0, 2 КО) кездеседі. 23 жастағы ирандық боксшы әуесқойлар арасында бірнеше рет ел чемпионы атанған, кейін кәсіпқой мансабын бастау үшін Таиландқа көшкен. Қазіргі уақытта оның екі жекпе-жекте екі жеңісі бар және екеуін де нокаутпен аяқтаған. Екінші жекпе-жегінде Арзи бірінші раундта таиландтық жұлдыз, IBF әлемдік титулына үміткер болған Апинун Кхонгсонгты (24-4, 20 КО) нокаутқа түсірген.

Арзи Ирандағы үздік боксшылардың рейтингінде екінші орынға көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или