Қазақстан құрамасы United Cup турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстан құрамасы United Cup турнирінің жартылай финалына шықты


Аустралияда өтіп жатқан United Sup турнирінде Қазақстан құрамасы Германияны жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Алғашқы ойында әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 80-орында тұрған Лаура Зигемундпен сынға түсті.

Елена неміс спортшысын 6:3, 6:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Осылайша Қазақстан құрамасын алға шығарды.

Екінші жекелей сында Германиядан әлемнің 2-ракеткасы Александр Зверев ойынға шықпады. Оның орнына рейтингте 254-орындағы Даниэль Мазур шықты.

Д.Мазур бірінші сетте Александр Шевченкодан 7:6 (7:5) есебімен басым түсті.

Дегенмен, кейін қазақстандық теннисші камбэк жасай білді — 6:2, 6:2.

Айта кетейік, жартылай финал Аустралияның Сидней қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или