Хамитов пен Пираев жекпе-жегі Астанада өтеді
Қазақстандық спортшы Қуат Хамитов пен ресейлік Мариф Пираев арасындағы кейінге қалдырылған жекпе-жек 28 ақпанда Астанада өтеді, деп хабарлайды Sport+.
Жекпе-жек кәсіпқой бокс ережелері бойынша өтеді.
Алғашында кездесу 27 желтоқсанда Алматыда өтуі керек болған, алайда Хамитов денсаулық мәселелеріне байланысты жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды.
«Мен жарақат алған күйімде жекпе-жектерге қатысуды жалғастыра алмаймын! Сондықтан келесі кездесуде көрісеміз», – деп жазды қазақстандық спортшы өзінің әлеуметтік желілерінде.
Қуат Хамитов соңғы рет октагонға ағымдағы жылдың мамыр айында шықты. Сол кезде ол танымал ресейлік спортшы Александр Шлеменкомен (67-15-1) кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіліс тапқан еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или