United Cup турнирі: Елена Рыбакина Германиямен матчта Қазақстанды алға шығарды
Аустралияның Перт қаласында Қазақстан құрамасы United Cup турнирінің ширек финалында өткен жылғы чемпион Германиямен бетпе-бет келді.
Алғашқы ойында әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина дүниежүзілік рейтингіде 80-орында тұрған Лаура Зигемундпен сынға түсті.
Бірінші партияда есеп 3:2 болған мезетте Рыбакина брейк жасай білді – 4:2. Сет біткенше сол басымдылығынан айырылған жоқ – 6:3.
Екінші сетте қазақстандық теннисші тағы да алға кетті – 2:1. Тағы бір брейк – 4:1. Сосын матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:1.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 6 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді. Зигемунд 2 брейк-пойнтты пайдалана алған жоқ.
Осылайша, Елена Рыбакина Қазақстанды алға шығарды – 1:0.
Дереккөз: inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или