«Тобыл» командасы ҚПЛ-дың үздік сұрмершенімен толықты

«Тобыл» командасы ҚПЛ-дың үздік сұрмершенімен толықты

«Атыраудың» беларусьтік шабуылшысы Николай Синьевич «Тобылға» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Синьевич «Атырау» сапында 2024 жылдың қаңтарынан бері ойнады. Қазақстан Премьер-Лигасының өткен маусымында ол 24 матч өткізіп, 10 гол соғып, Жоао Пауло («Қайрат») және Ислам Чесноковпен («Тобыл») бірге чемпионаттың үздік сұрмергені атанды.

«Командаға қош келдіңіз, Николай! Сізге жарқын жеңістер мен табыстар тілейміз!». - деп жазды Тобылдың баспасөз қызметі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или