Теннисші Анна Данилина Брисбен турнирінің ширек финалына шықты

Теннисші Анна Данилина Брисбен турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Анна Данилина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина – ресейлік Ирина Хромачева жұбы жаңа маусымдағы бастапқы кездесуін испаниялық Кристина Букша – ресейлік Яна Сизиковамен өткізді.

Бірінші партияны қазақстандық-ресейлік дуэт 6:3 есебімен бітірді. Екінші сетте есеп 3:2 болған мезетте олар брейкке қол жеткізіп, матчты жеңіспен түйіндеді – 6:3.

Бір сағат 10 минутқа созылған бәсеке барысында А.Данилина – И.Хромачева 1 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін өз есептеріне жазды. К.Букша – Я.Сизикова 1 эйс, 1 брейктен (7 брейк-пойнт) аса алмады. 

Анна Данилина – Ирина Хромачева жартылай финалға шығу үшін жапониялықтар Сюко Аояма – Эри Ходзумимен таласады. 

Тағы бір қазақстандық, дүниежүзілік рейтингіде 113-орында тұрған Михаил Кукушкин жекелей сында Брисбен ATP 250 турнирінің алғашқы айналымында әлемнің 48-ракеткасы, 19 жастағы чехиялық Якуб Меншикке жол берді – 6:7 (3:7), 4:6. 

М.Кукушкин негізгі жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған болатын. 

Дереккөз: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или