Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды
Танымал қазақстандық боксшы Али Ахмедов (22-1, 16 КО) келесі жекпе-жегін 17 қаңтарда АҚШ-та өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Али америкалық боксшы Малком Джонспен (17-4-1, 10 КО) жекпе-жек өткізеді.
17 қаңтарда өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде WBC Continental Americas Feather белбеуі Омар Канде Тринидад (17-0-1) пен Майк Плания (31-4) арасында сарапқа салынады.
Айта кетейік, Ахмедов кейінгі жекпе-жегін Ирландияда өткізіп, Пьер Дибомбені төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или