United Cup турнирінде қазақстандық теннисшілердің қанша табыс тапқаны белгілі болды

United Cup турнирінде қазақстандық теннисшілердің қанша табыс тапқаны белгілі болды

Аустралияда өтіп жатқан United Cup турнирінде қазақстандық теннисшілердің осыған дейін қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Аталмыш жарыста Қазақстан намысын Елена Рыбакина мен Александр Шевченко, сондай-ақ Жібек Құламбаева, Дмитрий Попко, Александр Недовесов қорғауда.

Рыбакина мен Шевченко үш матчтан (екі жекелей, бір жұптық бәсеке) ойнаса, Құламбаева мен Недовесов жұптық сында бір-ақ рет өнер көрсетті. Попко ойынға қосылған жоқ.

Әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина басқалардан көп табыс тапты. Ширек финалға дейін-ақ ол 230 мың (қатысқаны үшін), 85,6 мың (жекелей сындағы екі жеңісі үшін), 8 мың (жұптық сында бір рет ұтқаны үшін) және командалық ұтыс үшін 11,2 мың доллар алады. Осылайша, Испания мен Грекияны жеңгені үшін қазақстандық теннисші 334,8 мың доллар немесе 175 млн теңге табыс тапты.

Өзге қазақстандықтардың табысы мынадай.

Александр Шевченко - 96,5 мың доллар (34,5 + 50,8 + 11,2) - 50 млн теңге;

Жібек Құламбаева - 29,7 мың доллар (10,5 + 8 + 11,2) - 15,5 млн теңге;

Александр Недовесов - 35,7 мың доллар (16,5 + 8 + 11,2) - 18 млн теңге;

Дмитрий Попко - 26,75 мың доллар (15,75 + 11,20) - 14 млн теңге.

Топтық бәсекелерде теннисшілер әр матчта жекелей сында жеңсе, 42,8 мың, аралас жұптық сындағы ұтысы үшін 8 мың, сондай-ақ команданың жеңісі үшін тағы 5,6 мың доллар алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или