«Милан» бас бапкерсіз қалды. Команда А Сериясында 8-орында тұр
Португалиялық маман Паулу Фонсека «Милан» бас бапкері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеше «Милан» өз алаңында «Романы» жеңе алмаған еді - 1:1.
Паулу Фонсека «Миланның» тізгінін осы жазда ұстаған болатын. Миландық клуб Фонсеканың жаттықтыруымен А Сериясында 27 ұпаймен 8-орында келе жатыр. Ал Чемпиондар лигасында 12-орында тұр.
Инсайдер Джанлука Ди Марционың ақпараты бойынша, «Миланға» бссқа бір португалиялық келеді. «Портудың» экс-бапкері Сержиу Консейсаумен келіссөз жүріп жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или