ГЛАВНАЯ
Әлем футболы
«Фенербахче» «Манчестер Ситидің» шабуылдаушы жартылай қорғаушысын қатарына қосқысы келеді
«Фенербахче» «Манчестер Ситидің» шабуылдаушы жартылай қорғаушысын қатарына қосқысы келеді
«Фенербахче» «Манчестер Ситидің» 33 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйнеге аптасына £250 000 көлемінде жалақы ұсынуға дайын, деп хабарлайды Prosports.kz.
The Times мәліметінше, «қалалықтар» бельгиялық футболшымен келісімшартын тағы бір жылға ұзартуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Алайда ол әлі де жоғары деңгейде өнер көрсете алатынын дәлелдеуі тиіс. «Фенербахчеден» басқа, Де Брюйнеге МЛС және Сауд Арабиясы лигасының клубтары қызығушылық танытып отыр.
Осы маусымда Де Брюйне барлық турнирде 16 матчқа қатысып, екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Transfermarkt футболшыны 35 млн еуроға бағалап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или