ГЛАВНАЯ
Әлем футболы
Салах пен «Ливерпуль» әлі келісімге келе алмай жатыр. Мохамед осы маусымда 20 гол соғып тастады
Салах пен «Ливерпуль» әлі келісімге келе алмай жатыр. Мохамед осы маусымда 20 гол соғып тастады
Мохамед Салах пен «Ливерпуль» келісімшартты ұзарту бойынша әлі мәмілеге келе алмай жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жайында мысырлық футболшының өзі айтты.
«Ливерпульмен» жаңа келісімшарт па? Жоқ, біз одан алыспыз және дел қазір бұл жайында ештеңе айтқым келмейді», - деді Салах.
Салах осы маусымда барлық турнирде 26 матчқа қатысып, 20 гол мен 17 нәтижелі пастың авторын атанды. Оның келісімшарты 2025 жылы жазда аяқталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или