Конор МакГрегор блогермен жекпе-жек өткізеді
Екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы UFC чемпионы Конор МакГрегор бокс ережесі бойынша 2025 жылы блогер және америкалық WWE күрес промоушнының жұлдызы Логан Полға қарсы жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Fightbook MMA хабарлады.
Шараны Үндістан королдігінің Амбани отбасысы ұйымдастырады. Жекпе-жек Мумбайдағы Ванкхеде халықаралық крикет стадионында «Visit India» туристік науқаны аясында өтеді. Ирландиялық пен америкалықтардың әрқайсысы 250 миллион доллар табыс табады.
Амбани отбасының басшысы Мукеш Амбани 120 миллиард доллар қаржысымен әлемдегі 9-шы ең бай адам. Телекоммуникация, мұнай-химия және спорт саласындағы кәсіптерімен танымал Амбани отбасысы МакГрегор-Пол жекпе-жегін үнді спорты мен туризмі үшін маңызды сәт деп санайды.