Португалия құрамасының экс-футболшы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген айыппен қамауға алынды

Португалия құрамасының экс-футболшы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген айыппен қамауға алынды

Португалия ұлттық құрамасының бұрынғы қорғаушысы, қазір катарлық «Әл-Хор» клубында ойнайтын Рубен Семеду тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген айыппен Лиссабонда қамауға алынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Correio da Manha басылымының хабарлауынша, сенбіден жексенбіге қараған түні 30 жастағы футболшының құрбысы полицияға хабарласып, Семедудың оған шабуыл жасағанын және қашып үлгергенше оны бірнеше сағат бойы үйде ұстағанын хабарлады.

Айтуынша, жәбірленуші қорқып, денесі көгеріп, ауруханаға түскен. Сот Семедудың ісін дүйсенбі күні қарайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или