«Қоқан арыстаны» Амирхон Алихуджаев бразилиялық файтерден жеңіліп қалды
Ташкентте Еуразиялық жекпе-жек лигасы OCTAGON 68 турнирінің келесі жекпе-жегі өтті, деп жазады Prosports.kz.
Тәжірибелі бразилиялық файтер Элисмар Лима (30-12) «Қоқан арыстаны» Амирхон Алихуджаевпен (11-4) кездесті.
Жекпе-жек үш раундқа созылып, бразилиялық файтер қылқындыру әдісімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Алихуджаев OCTAGON лигасынан әлемнің ең мықты лигасы UFC-ге өтуге негізгі үміткерлердің бірі болған.
OCTAGON 68 турнирінің басты жекпе-жегінде ең жеңіл салмақтағы чемпион, өзбекстандық Анвар Абдуллаев (8-0) пен әзербайжандық уақытша белбеу иегері Фарид Алибабазаде (13-7) кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или