Александр Овечкин Уэйн Гретцкидің рекордын қашан жаңартуы мүмкін?
Канадалық Sportsnet спорт арнасы Александр Овечкин Уэйн Гретцкидің рекордынан қашан озуы мүмкін екенін болжады, деп хабарлайды Рrosports.kz.
Бүгін түнде ресейлік хоккейші аяғын сындырып алғаннан кейін айдынға оралып, «Торонто» командасына қарсы ойынның (5:2) соңында бос қақпаға шайба соқты.
Овечкин осы маусымда 16 гол және НХЛ-да жалпы 869 шайба соқты. Александр НХЛ шабуылшылары тізімінде көш бастап тұрған Гретцкиден 25 шайбаға қалып келеді — канадалықтың есебінде 894 гол.
Sportsnet статистикалық моделі Овечкин Гретцкидің рекордын 2025 жылы 13 наурызда Лос-Анджелестегі ойын барысында озуы мүмкін деп болжайды.
Бұл ерекше жағдай, өйткені Уэйн Гретцки де карьерасындағы алдыңғы рекордты дәл осы наурыз айында Лос-Анджелесте өткен матчта жаңартқан еді.