Boxing Day-дегі «Лестер» - «Манчестер Сити»: жолы болмай жүрген екі клуб кездеседі

Boxing Day-дегі «Лестер» - «Манчестер Сити»: жолы болмай жүрген екі клуб кездеседі

«Манчестер Сити» сәтсіздік сериясына нүкте қоя ала ма? Бүгін жақсы мүмкіндігі бар, себебі аутсайдерлердің бірі «Лестерге» қонаққа барады. Prosports.kz тілшісі «Лестер» мен «Манчестер Сити» матчы жайында.

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.

Ойын Лестер қаласындағы «Кинг Пауэр» стадионында өтеді. Алаң иелері қазір қатарынан үш матчта жеңіліп келе жатыр. «Ньюкасл», «Вулверхэмптон» мен «Ливерпульге» қарсы тұра алмады. Соңғы үш матчында бір гол соғып, 10 доп өткізіп алды. Жалпы, «түлкілер» АПЛ-дағы соңғы он матчының біреуін ғана жеңді. 

Қазір команданы Рууд ван Нистелрой жаттықтырады, бірақ нидерландтық бапкер жағдайды ретке келтіре алмай жатыр. Осы маусымда «Тоттенхэммен» тең түскенін есептемесек, Англияның топ-командаларының бәрінен жеңілді. 

«Лестер» қазір турнир кестесінде 18-орында келе жатыр. Жағдайды реттемесе, осы маусымда-ақ қайтадан Чемпионшипке ұшып кетуі мүмкін.

«Манчестер Ситидің» де жағдайы мәз емес. «Қалалықтар» жетінші орынға түсіп қалды. Барлық турнирдегі соңғы 13 матчында бір мәрте ғана жеңді. АПЛ-да қатарынан төрт ойын бойы жеңе алмай келе жатыр. Boxing Day-ді де сәтсіз бастады, өз алаңында «Эвертонмен» тең түсті. 

Пеп Гвардиоланың өзі футболшылар жарақаттан оралса, жеңістер де оралады деп сенімді. Қазір Эдерсон, Джек Грилиш, Джон Стоунз, Кайл Уокер жарақаттан емделіп жатыр.

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы ойынға мынадай коэффициенттерді ұсынады: 8.20 – «Лестердің» жеңісі, 5.60 – тең ойын, 1.34 – «Манчестер Ситидің» жеңісі.

Сонымен қатар, Tennisi.kz-те «Манчестер Ситиге» қатысты эксклюзив бәстер бар. Мысалы, «Манчестер Сити» АПЛ қорытындысы бойынша «Манчестер Юнайтедтен» төмен болады деген бәске 5.80 коэффициент ұсынған. 1.20 кэфке Джек Грилиш осы маусымда АПЛ-да гол соғады болжамын таңдай аласыз. Эрлинг Холанд осы маусымда АПЛ-да соғылған голдар саны бойынша рекорд (36 гол) орнатады дегенде 6.40 кэф бар.

Одан бөлек, жақында букмекерлік кеңсе Qazaq Bookmaker арнайы эксклюзивті желісін ұсынды, онда 2.90 коэффициентіне «Бақтиер Зайнутдинов мансабын аяқтағанға дейін Қазақстан құрамасы үшін 30 гол соғады», ал «қазақстандық футболшы 2030 жылға дейін «Алтын допты» жеңіп алады» дегенге 300.00 коэффициент берілген.

Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или