Танымал баскетболшының үйіне қарақшылар түскен

Танымал баскетболшының үйіне қарақшылар түскен

НБА-дағы «Даллас Маверикс» клубында өнер көрсететін словениялық танымал баскетболшы Лука Дончич қарақшылардың құрбаны болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

28 желтоқсанда Дончичтің үйіне қылмыскерлер кіріп, тонап кеткен.

«Ол сәтте үйде ешкім болмаған, және, бақытымызға орай, Дончич пен оның отбасы аман-есен. Лука полицияға арыз жазды, тергеу басталды», – деп мәлімдеді баскетболшының бизнес-менеджері Лара Бет Сигер ESPN арнасына.

Айта кетейік, Дончичтің өмірінде қазір қиын кезең өтіп жатыр: бейсенбі күні баскетболшы «Миннесотаға» қарсы матчта балтыр бұлшықетін жарақаттап алған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или