Юлия Путинцева жаңа маусымды Брисбен турнирінен бастайды
Қазақстанның екінші, әлемнің 29-ракеткасы Юлия Путинцева 29 желтоқсан – 5 қаңтар аралығында өтетін Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінде бақ сынайды.
Бұл қазақстандық теннисшінің жаңа маусымдағы алғашқы жарысы болмақ.
Аталмыш доданың 15-ракеткасы болып тіркелген Ю.Путинцева турнирді екінші айналымнан бастайды. Ол әлемнің 38-ракеткасы, Польша өкілі Магда Линетт немесе рейтингіде 67-сатыда тұрған америкалық Маккартни Кесслердің жеңгенімен шеберлік таластырады.
Егер Ю.Путинцева үшінші айналымға шыға қалған жағдайда әлемнің 1-ракеткасы, белорустік Арина Соболенкомен кездесіп қалуы ықтимал.
Өткен маусымда бұл жарыста Елена Рыбакина жеңімпаз атанған еді. Биыл ол Сидней мен Пертте өтіп жатқан United Cup турнирін таңдады.
Дереккөз: inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или