Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Аморимды қолдады
Саудиялық «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Рубен Аморимді қолдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қиын болатынын, дауыл жалғасатынын білдім, бірақ ол бір күні тоқтайды және күн шығады. Бәрі жақсы болғанын қалаймын. «Манчестер Юнайтедтің» жағдайы жақсы болады деп үміттенемін. Бұл әлі де мен жақсы көретін клуб», – деп келтіреді Роналдудың сөзін журналист Фабрицио Романо.
Еске салайық, Аморим 1 қарашада португалиялық «Спортингтен» кетіп, «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері болып тағайындалды.
18 ойыннан кейін «Манчестер Юнайтед» АПЛ турнирлік кестесінде 22 ұпаймен 14-орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или