Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысының басы дауға қалды

Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысының басы дауға қалды

Футболдан Ресей құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Денис Глушаков мас болып, көлік жүргізген, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, жол полициясы қызметкерлері Ростов облысында 37 жастағы футболшыны тоқтатқан. Алкотестер Глушаковтың қанында алкоголь барын көрсетті (0,8 промилле). Бірден ойыншының үстінен хаттама жасалып, көлігі тұраққа жіберілді.

Іс сотқа өтті, онда футболшының жүргізуші куәлігінен қанша уақытқа айырылатыны анықталады. 

Глушаков қазір медиа-лигада өнер көрсетіп жүр. Ол мансабында «Спартак», «Париж НН», «Ахмат», «Локомотив» және басқа да командаларда өнер көрсеткен. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или