Әлем чемпионаты-2025: Қазақстан – Чехия матчының тікелей трансляциясы
Бүгін, 28 желтоқсанда 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Канадада өтіп жатқан хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында Чехия құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан — Чехия матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 22:50-де басталады, ойынды «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.
Айта кетейік, 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы В тобында Швеция, Чехия, Словакия және Швейцариямен бір топта бақ сынайды. Ал А тобында Канада, АҚШ, Финляндия, Латвия және Германия құрамасы өнер көрсетеді.
Қазақстан құрамасы былтырғы әлем чемпионатында элиталық дивизионда өнер көрсеткен жоқ. Ал биылғы біріншілікке І дивидионындағы жеңісінен кейін жолдама алды. І дивидионындағы бес кездесуде құрама 13 ұпай жинап, өз тобында бірініш орын алды. Доп айырмасы – 21:12.
Қазақстан жастар құрамасы кейінгі бес кездесуде үш мәрте жеңіске жетті: Францияны – 4:0, Жапонияны – 3:1 және «Хоксбери Хоксты» – 8:1 жеңіп, Аустрия – 6:7 (буллит) мен Германиядан – 0:4 жеңілді.