ҚПЛ клубы «Қайрат» шабуылшысына қызығушылық танытып отыр
Талдықорғандық «Жетісу» «Қайрат» шабуылшысы Сейф Поповты шабуыл шебін күшейтетін ойыншы ретінде қарастырып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
20 жастағы форвардтың алматылық клубпен келісімшарты 2026 жылдың соңына дейін есептелген, сондықтан «Жетісу» тек жалға ала алады.
Еске сала кетейік, Сейф Попов 2024 жылғы маусымды «Қайраттың» негізгі құрамында бастаған. Алайда чемпионат барысында ол жалға берілді. Алғашында ойыншы өскемендік «Алтайға» ауысуы керек еді, бірақ соңғы сәтте Алматының басқа командасы – «Хан-Тәңіріне» ауысты. Футболшы Бірінші лигада 22 матчта сегіз гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или