«Ақтөбе» бас бапкері 2025 жылға мақсаттарын айтты
«Ақтөбе» бас бапкері өткен жылдың ерекшеліктері, жаңа жылды қалай қарсы алатынын және 2025 жылдан не күтетіні туралы ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бір жыл бұрын мен керемет елге, тамаша қалаға жұмыс бабымен келдім. Осы аралықта Ақтөбе мен үшін өте ыстық мекен болып кетті және мұнда мен көптеген жақсы әрі мейірімді адамдармен кездестім. Маусымның соңында «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері лауазымына тағайындалдым. Бұл – әрдайым жоғары мақсат қоятын, мықты команда. Биыл біз Қазақстан Кубогын жеңіп алдық және чемпионатта үшінші орынды иелендік.
2025 жылды асыға күтемін. Оқу-жаттығу жиындарын бастап, команданы күшейтуге жұмыстанамыз. Әрбір ойыншының физикалық тұрғыдан жақсы дайын болуын қамтамасыз ету үшін мұқият дайындалу маңызды. Алдағы мақсатымыз – Суперкубокты жеңіп алу, содан кейін чемпионатта бірінші орынға таласып, Еуропа Лигасында сәтті өнер көрсетіп, топтық кезеңге өту.
Сонымен қатар, жаңа Қазақстан Кубогы үшін таласқымыз келеді.Биыл Жаңа жылды жалғыз, қонақүйде қарсы алмақпын. Теледидар көремін. Шын мәнінде, өткен жылы да жаңа жылдық мерекелерім осылай өтті. Дастарханымда аса ерекше нәрсе болмайды. Бұрын отбасымызбен Жаңа жылды қарсы алғанда, дастарханымызда ең алдымен дәстүрлі оливье салаты болатын. Сондай-ақ, бізде міндетті түрде холодец пен голубцы болатын. Мен голубцыды өте жақсы көремін, әсіресе әйелімнің қолынан – ол өте жақсы аспаз және әрқашан дәмді жасайды. Бұл тағамдар біздің мерекелік дастарқанымыздың ажырамас бөлігі еді. Бірақ қазір біз бір-бірімізден жырақта өмір сүріп жатырмыз.
Мен Ақтөбе қаласының барлық тұрғындарына шын жүректен жақсы тілектерімді білдіргім келеді. Әрқайсыңызға денсаулық, бақыт, махаббат, табыс және өркендеу тілеймін. Сонымен қатар, өзімнің туған жерім Украинада және бүкіл әлемде тезірек бейбітшілік орнағанын қалаймын. Соғыс болмағанын қалаймын.