Қазақстандық танымал балуан басшылық қызметке тағайындалды
Қазақстандық танымал балуан басшылық қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz
Балуан Мақсат Ережепов Қостанай облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті болып тағайындалды.
Максат Аршабайұлы – грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2017 жылы грек-рим күресінен 75 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанған. Одан бөлек, екі рет күміс, үш рет қола алған. Әскери қызметкерлер арасындағы Әлем чемпионатының жүлдегері және Қазақстан Республикасының бес дүркін чемпионы.
Мақсат Аршабайұлын басшылық қызметке Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресінің президенті Дәулет Тұрлыханов тағайындады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или