Рыбакинаның жаңа бапкері шәкіртінің кемшіліктері туралы айтты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның жаңа бапкері Горан Иванишевич шәкіртімен қай бағытта жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz
Австралияда United Cup турнирі – Рыбакина мен Иванишевичтің алғашқы ресми аламаны. Ол жақта Елена Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп жүр.
«Бұл біздің WTA-турдағы алғашқы матчымыз. Дубайда біраз жұмыс істеп, соққыларды жетілдірдік. Торға жиірек жақындауды үйретуге тырысамын. Себебі соққылары жойқын, тиісінше ұпайды өз еншісіне жазып, кездесуді әдеттегіден ерте аяқтай алады. Бірақ бұл ұзақ процесс. Агрессия қосу керектігін ең алдымен өзі түсінуі керек», — деді Иванишевич Tennis Channel-ге берген сұхбатында.
Айта кетейік, хорватиялық Горан Иванишевич 2024 жылдың наурызына дейін Новак Джоковичпен жұмыс істеген.