Волейбол: «Ақтөбе» ел чемпиондарын тізе бүктірді
Павлодар қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының екінші турында «Ақтөбе» мен ел чемпионы «Тараз» алаңға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz
Осыған дейін қатарынан екі рет жеңіске жеткен ақтөбеліктер (бас бапкері Сергей Трикоз) тараздықтарды тықсыра білді.
Бастапқы екі партия 25:21, 25:19 есебімен «Ақтөбенің» пайдасына шешілді. Үшінші сетте Юрий Башкатовтың шәкірттері бет қаратпады – 25:15. Алайда олар осы қарқынын жалғастыра алмады – 22:25. Қорытынды есеп – 3:1, «Ақтөбенің» пайдасында.
Сөйтіп ақтөбеліктер 26 ұпай жинап, турнир кестесінде «Жетісуды» ығыстырып, екінші орынға көтерілді. Оралдың «Жайығы» бұрынғыша көш басында.
Екінші турдың қорытындысы бойынша «Ақтөбеден» ресейлік Кирилл Костыленко, «Тараздан» қазақстандық Денис Ещенко үздік ойыншы атанды.