Волейболдан ел чемпионатында «Ақтөбе» вице-чемпионды тізе бүктірді

Волейболдан ел чемпионатында «Ақтөбе» вице-чемпионды тізе бүктірді

Павлодар қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының екінші турында алаң иелері «Ақтөбемен» шеберлік байқасты.

Сергей Грибов жаттықтыратын павлодарлықтар биыл көктемде чемпиондық тәж үшін сайыста «Таразға» есе жіберіп, күміс жүлдегер атанса, ақтөбеліктер (бас бапкері Сергей Трикоз) жаңа маусымда кубок, сосын суперкубокті жеңіп алған еді. 

Бұл жолы «Ақтөбе» алаң иелерін 3:0 (25:17, 25:20, 25:20) есебімен тізе бүктіріп, 23 ұпаймен турнир кестесінде қайтадан үздік үштікке ілікті. 

Павлодарлықтар 22 ұпаймен төртінші сатыда тұр.

Жұма күні командалар Павлодардағы соңғы ойындарын өткізеді. 27 желтоқсанда «Атырау» — «Есіл», «Тараз» — «Ақтөбе», «Буревестник» — «Ұшқын-Көкшетау», «Павлодар» — «Жайық» клубтары өзара сынға түседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или