Ақтаудағы ұшақ апатында футболшы қаза болған

Ақтаудағы ұшақ апатында футболшы қаза болған

Ақтауда апатқа ұшыраған AZAL ұшағында қаза тапқандардың бірі футболшы болған, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жайында Әзербайжан футбол федерацияларының қауымдастығы баспасөз қызметі жазды.

13 жастағы Мухаммедали Еганов бакулік «Гянджлик» сапында өнер көрсеткен.


Еске салайық, 25 желтоқсанда Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған Embraer ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласына жақын маңда апатқа ұшыраған еді. Ұшақ бортында 62 жолаушы болған. Олардың 37-сі Әзербайжан, 16-сы Ресей, 6-ауы Қазақстан, 3-еуі Қырғызстан азаматтары. Сонымен қатар, экипаждың бес мүшесі де ұшақта болған.

Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза апты, 29 адам, оның ішінде үш бала аман қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или