Үш титул. Жәнібек Әлімханұлы 2025 жылдағы жоспарын бөлісті

Қазақстандық боксшы, WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) 2025 жылдағы жоспарын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Көктемде өз титулдарымды қорғаймын деп ойлаймын. Кейін Хамза — Адамес жекпе-жегінің жеңімпазымен шығамыз. Иншаллах, күзде үш титулым болады», — деп жазды боксшы.
I think I'll defend my titles in the spring. Then I'll fight the winners of Hamza/Adames. Inshallah in the fall I will have three titles.
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) December 26, 2024
Еске салайық, доминикандық Карлос Адамес пен ұлыбританиялық Хамза Шираз арасында WBC белбеуі сарапқа салынатын жекпе-жек 22 ақпанға Эр-Риядда (Сауд Арабиясы) жоспарланған. Бұл кездесудің жеңімпазы Әлімханұлымен кездеседі деп күтіліп отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или