«Ливерпуль» - «Лестер» матчы шегерілуі мүмкін. Себебі белгілі болды

«Ливерпуль» - «Лестер» матчы шегерілуі мүмкін. Себебі белгілі болды

Англия Премьер-лигасының 18-турындағы «Ливерпуль» мен «Лестер» матчы Ливерпуль қаласындағы қатты тұман салдарынан шегерілуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жайында DaveOCKOP жазды.

Дереккөз мәліметінше, дәл қазір қала билігі матч жайында нақты тапсырма бермеген. Алаңда тексерістен өткен соң төрешілер шешім қабылдайды.

Соңғы бірнеше сағатта тұман сәл азайғаны айтылады, сондықтан матч басталғанға дейін жағдай жақсарады деген де үміт бар.

Дәл қазір «Ливерпуль» 39 ұпаймен АПЛ-да көш бастап келе жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или