«Барыс» ҚХЛ матчында тағы да жеңілді
«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Елордалық клуб өз айдынында новосібірлік «Сибирь» командасын қабылдады.
Қонақтар ойынның 54-минутында шайба салды, бір минуттан соң есепті еселей алды. Осылайша, матч 2:0 есебімен аяқталды.
«Барыс» қазір ҚХЛ Шығыс конференциясында 11-орында келе жатыр.
Барыс (Астана) - Сибирь (Новосибирск) 0:2 (0:0, 0:0, 0:2)
0:1 - Шлов (Яковлев) - 53:520:2 - Рассказов (Кара) - 56:00
Қақпашылар: Бояркин - Костин.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или