Симона Халеп Australian Open-2025 турниріне қатыспайды
Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, румыниялық теннисші Симона Халеп денсаулығына байланысты Окленд турнирі мен 2025 жылғы Аустралия ашық чемпионатына қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оны тізесі мен иығындағы жарақат мазалап жүр.
«Әбу-Дабидегі көрмелік турнирден кейін, өкінішке қарай, тізем мен иығым қайта ауырды. Командаммен ақылдаса келе, маусымды кейінге қалдырған дұрыс деген шешімге келдік. Бұл менің қалауым емес еді.
Australian Open мен Окленд турнирінің ұйымдастырушыларына уайлд-кард үшін алғыс айтамын. Оларды пайдалана алмағаным үшін өкінемін. Қазір демаламын. Келесі турнирімде Клуж-Напокада тамаша румын жанкүйерлерінің алдында өнер көрсетемін деп жоспарлап отырмын», – деп жазды Халеп әлеуметтік желілерде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или