Иван Дычконың жекпе-жегі өтпейтін болды
Қазақстандық аса ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшы Иван Дычко (14-0, 13 КО) Алматыда өтетін бокс кешінде өнер көрсетпейді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дычко спарринг кезінде жарақат алып, боксшы командасы ресейлік Виталий Кудуховпен (7-2, 3 КО) жекпе-жекті тоқтату туралы шешім қабылдады.
Иван кейінгі жекпе-жегін тамыз айының соңында Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өткізіп, америкалық Крейг Льюисті (15-8-1, 8 КО) екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или