Антикор брифингінде кәсіби футбол клубтарына бөлінетін қаражат көлемі қаншалықты қысқартылғаны айтылды

Антикор брифингінде кәсіби футбол клубтарына бөлінетін қаражат көлемі қаншалықты қысқартылғаны айтылды

Антикор брифингінде кәсіби футбол клубтарына бөлінетін қаражат көлемі қаншалықты қысқартылғаны туралы айтылды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Агенттік мәліметінше, футбол клубтарын қаржыландыру 2,2 млрд теңгеге қысқартылды.

«Мысалы, Түркістан облысы – 1 млрд, Ақмола облысы – 390 млн, Қостанай облысы – 350 млн, Павлодар облысы – 300 млн, Жетісу облысы – 146,2 млн теңге», - делінген мәліметте.

Сонымен қатар кәсіби спортты қаржыландыру да азайған.

«Кәсіби спортты қаржыландру 4,6 млрд теңгеге төмендетілді (12,1-ден 7,5 млрд-қа). Мәселен, Шымкент қаласынжа 4,2 млрд, Ақмола облысында 242 млн, Түркістан облысында 86 млн, Павлодар облысында 58,5 млн, Абай облысында 38 млн, Шығыс Қазақстан облысында 2 млн», - деп нақтылады Антикор.

Бұдан бөлек бұқаралық және кәсіби спортты қаржыландырудағы диспропорция жойылғаны айтылды.

«Мысалы, 2023 жылы бұқаралық спортқа 35 млрд теңге, ал кәсіби спортқа 340 млрд теңге бөлінсе, биыл тиісінше 195,4 млрд және 185,5 млрд бөлінді», - делінген ақпаратта.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или