Алматыда 20 жастағы спортшы адам қолынан қаза тапты

Алматыда 20 жастағы спортшы адам қолынан қаза тапты

Алматыда 24 желтоқсанда 20 жастағы жігіт адам қолынан қаза тапты. Қылмысқа күдікті ұсталды.

Оқиға Наурызбай ауданының аумағында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, таныстар арасында жанжал туындап, нәтижесінде біреуі пышақ қолданған.

"20 жастағы ер адамның өліміне қатысты Наурызбай ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс құралы тәркіленді", - деп хабарлады Алматы Полиция департаменті.

Әлеуметтік желілерде бірнеше дереккөздер қайтыс болған адам кикбоксшы Әли Серік екенін хабарлады. Полиция қайтыс болған адамның жеке басын жариялаған жоқ.

Дереккөз: tengrinews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или