«Барыс» өз алаңында «Тракторға» есе жіберді

«Барыс» өз алаңында «Тракторға» есе жіберді

Құрлықтық хоккей лигасы чемпионатының кезекті матчында «Барыс» өз алаңында Челябинсктің «Тракторын» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жетінші минутта-ақ алаң иелері 0:2 есебімен ұтылып жатты. Екінші жиырма минуттықта да жағдай өзгерген жоқ – екі кезеңнен кейін 0:4. Матчтың соңғы бөлігінде ғана астаналықтар өз мүмкіндіктерін ұтымды пайдалана білді. Станислав Бочаров пен Кирилл Савицкий гол соқты. Ал сиренаға 13 секунд қалғанда астаналық хоккейшілер үшінші шайбысын соқты. Қонақтар соңғы кезеңде бір шайбымен көзге түсті. Кездесу 3:5 есебімен Трактордың пайдасына шешілді.

«Барыс» (Астана) – «Трактор» (Челябинск) 3:5 (0:2, 0:2, 3:1)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или