Бокстан Қазақстан чемпионатында інісі ағасына жолын берді
Бокстан Қазақстан чемпионатында інісі ағасына жолын берді, деп хабарлайды Prosports.kz
Қарағандыда өтіп жатқан ел чемпионатында +92 келі салмақтағы финалдық жекпе-жек өтпейтін болды.
Финалға ағайынды Нұрлан Сапарбай мен Даниал Сапарбай шыққан болатын. Інісі Даниал ағасы Нұрланға жолын беріп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Бұған дейін де екеуі екі рет финалға шыққан. Ол кездері ағасы інісіне жолын берген екен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или